Напишите сочинение на казахском языке на тему мой любимый спорт. желательно про бокс. на 5-6 строчек.

ikujtdhc ikujtdhc    1   24.07.2019 12:00    0

Ответы
Совушка200213 Совушка200213  24.09.2020 01:46

Бокс - менің сүйікті спортым.

Әркімнің өзіне жақын әрі сүйікті спорты болады. Біреулер жеңіл атлетикамен айналысқанды жақсы көрсе, енді басқалары футбол ойнауды ұнатып жатады. Ал менің сүйікті спортым - бокс.

Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Осы спорт түрімен айналысатын адамды боксшы дейді. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Боксшының дене бітімі шымыр,дені сау болады. Бокспен шұғылданатын адамдар өзіне сенімді болып келеді. Жеңіске жету, алға ұмтылу қасиеттері болады.

Былтырғы жылы қазақ боксына сексен бес жыл толды. Осы біршама уақыт ішінде қазақ боксы қандай кезеңдерден өтіп, бірталай жетістіктерге жетті.

Қазіргі таңда бокс еліміздегі ең танымал спорт түріне айналды. Бүгінде жастармен қатар аға буын өкілдері де халықаралық ареналарда бақ сынасып жүрген қазақ былғары қолғап шеберлеріне жанкүйерлік танытып, әрбір кездесулерін асыға күтіп, үзбей көріп отырады. Отандастарымыз халықаралық деңгейде түрлі спорт додаларының жеңімпазы атанып, көк туымызды желбіретіп, намысты қолдан бермей, Қазақстанның атын әлемге танытып жүр. Жерлестеріміз жазғы олимпиада ойындарынан алтынсыз қайтқан емес. Тіпті әлемде «қазақ боксы» деген мектеп қалыптасып, өте жоғары деңгейде дамып келеді.

Жалпы бокс елімізде қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел ретінде жасөспірімдер мен жас боксшыларымыздың халықаралық деңгейде ғана емес, сонымен қатар кәсіби деңгейде үлкен жетістіктерге жетуі. Алдыңғы қатар аға буынның лайықты ізбасарлар қатары өсіп келеді. Қазақ бокс мектебінің өзіндік тарихы мен ерекшелігі бар.  

Бокспен айналысқаныма екі жылдан асты. Болашақта кәсіпқой боксшы болуды армандаймын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi