8. Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз. Ұлы географиялық ашулар кезеңі ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған осы аймаққа 1504 жылға дейін тағы 3 рет саяхат жасады.

1497-1498 жж. португал саяхатшысы Васко да Гама төрт кемемен Африканы айналып, араб лоцманының көмегімен Үндістанға жол салды. 1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) қаласының айлағында зәкір тастады. Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды. Португалия бұдан былай біраз уақытқа дейін Азиямен сауда байланысында өктемдікке ие болды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

a. Ұлы географиялық ашуларға алып келген жорықтардың мақсатын сипаттаңыз.

[2]

b. Ұлы географиялық ашулардың оң салдарына баға беріңіз.

[2]

c. Осы жорықтардың теріс салдарына баға беріңіз.

VikiKot1315 VikiKot1315    3   30.10.2020 10:26    48

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi