Напишите эссе на тему защищать мать природу(табиғат ананы сақтау​

Rorschach001 Rorschach001    2   30.11.2020 14:40    2

Ответы
suxova1985251030 suxova1985251030  30.12.2020 14:43

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер - Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман - тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя - бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi