написать сочинение или эссе на тему Бауыржан Момышулы 100 слов на казахском языке у меня завтра соч​

l0958626315 l0958626315    1   18.05.2021 17:31    3

Ответы
cabans354 cabans354  18.06.2021 00:26

Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы. Ол – суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы.

Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі.

Объяснение:

можеж много не писать

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
matv matv  18.06.2021 00:26

Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Бауыржан Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.Және ол соғысты өз көзімен көрген жазушы. Ол – суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы. Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі Баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар бұлағы. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері.

Объяснение:

Если очень много то вырезаете и напишите нужный, не благодарите

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi