Надо найти собственые имена
- Уа, халайық! Мені тыңдаңыздар! Біздің Бұлғыртау ауданында 9 колхоз бар. Үкімет сол 9 колхозға берді. Мен мына алып келдім, таныс болыңыздар, - деді Басқарма. – Стройдың басында тұрған Ертай мен Нартай – ағайындылар, ұлты – қазақ. Содан кейін тұрған бала – Рашид, жеті жаста. Ұлты – татар. Рашидтен кейін тұрған қыз – Оля алты жаста, ұлты – дүнген немесе қалмақ. Олядан кейін тұрған бала – Яков тоғыз жаста, ұлты – орыс. Яков сөйлей алмайды, мылқау. Яковтан кейін тұрған бала жеті жаста. Ұлты – неміс. Алмай қояйын деген едік балалар үйіне, бірақ әкесі мен шешесі жоқ, жетім бала, - деді Басқарма.
Ахмет шал барлық баланың басынан сипады да, неміс балаға келіп:
- Мен осы баланы аламын. Баламның атын айт, - деп, қолынан ұстады.
- Зигфрид Вольфганг Вагнер. Айтып көріңіз атын, - деп күлді Дәуренбек.
Үйге келген соң тамақ ішіп, жылы төсекте ұйықтап қалған Зигфрид келесі күні Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.