Ғасыр келісімшарты» Аталған хаттамаға қол қойылғаннан кейін мен алғаш рет Америка Құрама Штаттарын аралап, үш аптаға жуық Нью-Йоркте, Вашингтонда және «Шеврон» корпорациясының Калифорния мен Луизиана штаттарындағы кәсіпорындарында болдым. Сол уақытта мен Мәскеуде Сан-Франциско университетінің профессоры, шығу тегі жағынан корейлік болып келетін американдық Чан Ян Бэнгпен танысқан едім. Соның көмегімен АҚШ-та болған үш апта уақыт ішінде мен экономика, қаржы және құқық мәселелері бойынша кәсіби мамандармен әңгімелесіп, біраз нәрсе үйрендім. Бұл әңгімелер АҚШ-тың экономика және қаржы жүйелерін, инвесторлардың ақша салуына жағдай туғызатын заңдарды егжей- тегжейлі зерделеуге, сондай-ақ инвестициялаудың тетіктерін қарап шығуға мүмкіндік берді. Осы «теориялық» сабақтарға іс жүзінде сол «Шевронның» өзі де нақты мысал болды. Бұл күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жаңа сабақ алуымның жақсы бастамасы еді. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан жолы» 2-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер. Бірінші сөйлем . Менің ойымша, ... . Екінші сөйлем . Себебі мен оны ... деп түсіндіремін

орексе орексе    1   17.04.2020 12:43    71

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi