На казахском языке рецепт любого пирога

nizametdinovaalina nizametdinovaalina    1   30.05.2019 12:20    3

Ответы
ame5 ame5  30.06.2020 12:52
Құрамы: 3 жұмыртқа, 1,5 стақан шекер (300 гр.), 200 гр. сары май, 1,5 стақан қаймақ., 1,5 стақан ұн (300 гр.), 1,5 шәй қасық сода, 0,5 стақан мейіз, 0,5 стақан мак, 0,5 стақан ұнтақаталған жаңғақ. Крем үшін: 1 банка тәтті сүт (сгущенка), 200 гр. сары май. Ең алдымен жұмыртқа, шекер, сары май, қаймақты жақсылап араластырамыз. Енді осыны 3 ыдысқа теңдей бөлеміз. Бөлек табада 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан макты араластырамыз. Осы ұн қо бірінші табаға араластырамыз. Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан мейізді екінші табаға араластырамыз. Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан ұнтақталған жаңғақты үшінші табамен араластырамыз. Кезек-кезек арнайы торт пісіретін формаға құйып, 180 С0-та 30 минуттан пісіреміз. Крем үшін бір банка тәтті сүт пен сары майды миксерде жақсылап араластырамыз. Нандардың арасына, бетіне жағып, торттың бетіне жаңғақ, шоколад ұнтақтарын және тәтті нан ұнтағын себеміз. Қалауыңша сәндейсіңдер. Астарың дәмді болсын!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi