Мәтінді мұқият оқып төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Ғалымдар климат өзгерісіне байланысты ауаға тарайтын көміртегінің мөлшерін есептеген. Климат өзгерісі тұрғысынан қарағанда ең жоғары «қауіпсіз» ысу мөлшері – бір градус. Бірақ қайта қалпына келмейтін ресурстардың тұтынуы қазіргідей жалғасатын болса, аталмыш шектен, өкінішке орай, 40 жылда асамыз. Климат өзгерісінің алдын алғымыз келсе, қазбалы отындарды жағудан бас тартып, тездетіп жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу керек.
Ластанудың артпауы және ғаламшарымызға қажетті жаңа энергия көздерін ортаға шығару үшін шамамен 20 жылдан бері зерттеулер жүргізілуде. Қысқа уақыт ішінде таусылатын энергия көздерінің орнына жаңаларын қою үшін әлемнің барлық мемлекеттеріндегі ғалымдар бар күшін салып жұмыс істеуде. 1970 жылғы мұнай дағдарысынан кейін жаңартылатын энергия көздеріне байланысты зерттеулер артты. Күн және жел энергиясы жаңғырмалы энергия көздерінің алдынғы қатарына шықты. Мұндай энергия көздерінің ең маңызды ерекшелігі – тұрақтылығы және таусылу жылдамдығыннан гөрі өзін жаңартуы. Егер 21 ғасырда бүкіл әлем қолданып жүрген энергия резервтерін өзгертпесе, ғаламшардың экожүйесі де бұзылады.

1. Мәтіннен мына сөздердің синонимдерін табыңыз:

мерзім
әлем
өзгешелік
зерттеушілер

Тефте Тефте    3   29.10.2020 13:37    2

Ответы
Kskdnrntbrjdjdk Kskdnrntbrjdjdk  29.10.2020 13:40

мерзім уақыт

әлем ғалам

өзгешелік ерекшелік

зерттеушілер білгір

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi