Мына сөздердің мағынасы қандай?​


Мына сөздердің мағынасы қандай?​

gelya12121 gelya12121    1   03.02.2021 18:01    0

Ответы
shmkvnst17 shmkvnst17  05.03.2021 18:06

Полис-қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі.

2.Афина - Ежелгі Грекия мифологиясындағы басты құдайлардың бірі - қыз құдай.

3.Архонт (көне грекше: ἄρχων — бастық, билеуші)-. Ежелгі Грекия полистеріндегі және бірсыпыра эллинистік мемлекеттердегі аға бастықтар

4.Драконт немесе Дракон (грек. Δράκων) - ежелгі Афинының заң шығарушысы.

5.Солон (б.з.б 640 және 635ж. аралығы-559 ж.ш.) — Афинының (Ежелгі Грекия) саяси қайраткері және әлеуметтік реформаторы.

6.Клисфен - (грек. Κλεισθένης) - б.з.б.6 ғасырдағы Афиныда (Ежелгі Грекия) заң шығарушы. Алкмеон әулеті тұқымынан шыққан, Мегакл мен Агаристаның ұлы, өзімен аттас Сикион тиранының немересі (Клисфен үлкені).

7.Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

Мемлекет түрі.

Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

Қоғамдық құрылымның мұраты.

9.Олигархия (гр. ὀλιγαρχία – шағын топтың билігі, ὀλίγος – шағын және arche – өкімет, өктемдік) — басқарудың бір түрі[1]; билік басында байлар отыратын мемлекеттік құрылыс; кішігірім бай адамдар тобының билігі.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi