мне написать тема (мәңгілік ел)

Николь28071547 Николь28071547    1   18.05.2020 10:53    1

Ответы
ЛадаПодмаркова ЛадаПодмаркова  06.08.2020 08:55

Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің жетістігі зор күш-жігер мен ортақ еңбекті талап еткенін әр қазақстандық түсінеді. Тәуелсіздік халқымызға тегін келмеді. Қаншама азаматтарымыз жалынға шарпылды, елім деп еңіреді, қаншама ұрпақ зар жылады, жапа шекті. Асынған бес қаруын айлап шешпеген еліміз төрт жүздей шабуылды басынан кешірген екен. Еліміз «егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты» таңдады. Ендігі міндет – бейбіт өмірді сақтау, «ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», ортақ еңбектің нәтижесінде «берекелі қоғам құру», тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел ету». «Мәңгілік ел» болу жолындағы мазмұнды істерімізбен дараланатынымыз айдан анық. Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы жайында «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» - деп баса айтады.

Шекарасы «перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген», «күшейсе, бірліктен күшейген» ата-бабамыздың қанымен сызылған байтақ ел – Қазақ елі бүгінгі күндері тәуелсіздік бесігінде тербеліп жатқан жайы бар. Егемендікті берік еткен көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты елдің өсіп-өркендеуіне зор ықпал еткенін халқымыз жақсы біледі. Елбасының қай Жолдауын алсақ та, олар «шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендіреді». Жыл сайын елге ұсынған Жолдаулар халық сенімін одан әрі нығайта түсіп, мерейін үстем етті. Мемлекет басшысы экономикадағы реформаларға көп үміт артты. Оның нәтижесі де көп күттірмегенін ел көрді, ерен еңбек бағаланды. Іргелі істер ілгері дамуымыздың негізі болғаны да айқын. Жыл сайын Жолдау қызу талқыға салынып, көпшіліктің оң ықыласына бөленіп отырғаны анық.Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi