14. Тірек сөздерді пайдаланып, «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында монолог құрап жаз.
Тірек сөздер: мен, тәуелсіз ел, ұланы, Қазақстан, 1991 жыл,
төуелсіздік, ата-баба арманы, Елбасы, бақытты балалық
шақ, әлемге танылу.​

olga638 olga638    1   07.09.2020 00:48    6

Ответы
Artem030405 Artem030405  15.10.2020 18:11

Объяснение:

Қорытынды бөлім.

Жаса, жайна, Қазақстаным!

Бізге азаттық азаппен , арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз.

Н.Ә. Назарбаев

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

Түп жежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргел іел, жоралы жұрт, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркндіксүйгіш жігерінің , асқақ рухының арқасы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бұл далада халқымыз үш ғасырдай бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы- бостандық, тәуелсіздік

XVIII – XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Халқымыздың басынан қара бұлт серпілмеді.

Дос та іздедем жау тисе болысатын,

Қыс қыстатып, жаз бірге қоныстанатын.

Еділ,Жайық,Ертісті жағаладым,

Үміт көрдім құдіретті Ресей атын,

Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты.XX ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына «Жігіт бермейміз» деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшырады. Қаншасы өз жерінде қырғын көрді.

1917 жылдан кейін де қуғыншылыққа ұшырап, мыңдаған жандар ата –жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932 – 1933 жылдарда болған адам айтса нанағысыз ашаршылықта 9 миллиондай халықтың жартысына жуығы опат болды. Зиялы қауымды қынадай қырған 1937 – 1938 жылдар…

1941 – 1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекшк ерлік көрсетті.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

Осы жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі елді «Тәуелсіз, демократиялық және құқылы мемлекет» деп жарияланды.

Талай нәубетті басынан өткерген халық үшін азаттықтың, бостандықтың өзі баға жетпес байлық екені сөзсіз.

Қазақ елін бір тудың астына жинап, біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқайұлы. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман — тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным, деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл — ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

Ендеше, қазақ халқы, барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздік алуымыздың өзі үлкен жетістік деп білемін, яғни дербес мемлекетте өмір сүріп отырған ұрпақ шын мәнінде бақытты деп ойлаймын. 23 жыл тарих бедерінде көп уақыт емес. Бірақ бұл жылдардағы Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін аз деп айта алмаймыз. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз өркендеп келеді. Бүгінде еліміз тыныш, жұртымыз аман. Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында халқымыз үшін маңызды мәселелеріне көңіл бөліп, олардың орындалуына баса назар аударуда. «Орнында бар оңалар» демекші, еліміз, жеріміз орнында. Жерімізге жетер байлық жоқ. Батырларымыздың арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып дүние жүзіне танылды. Осындай қасиетті мекенде, керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байраағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi