Тотықсыздандырғыш - тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде өзінен электрон бөліп, тотығу дәрежесі өзгеретін атом немесе бөлшек. Тотықсыздандырғыш – электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион), ал электрон беру процесі – тотығу деп аталады, демек Тотықсыздандырғыш реакция кезінде тотығады. Тотықсыздандырғыш ретінде металдардың бейтарап атомдары, кейбір бейметалдар (мысалы, Ц, Сі, Һ2), теріс зарядталған бейметалл иондары (мыс., Цл, Бр, Ж, С2), құрамына тотығу дәрежесі төмен немесе өте төмен болатын элементтер енетін күрделі заттар (ФеЦл2, ФеСО4, Цр2(СО4)3, МнСО4, Һ2С, ҺЦл, ҺБр, ҺЖ, НҺ3, ЦО, Н2Һ4, НҺ2ОҺ, НО, СО2, Һ3ПО4, Һ2СО3) және олардың тұздары, (ҺНО2, СнЦл2, На2С2О3), органикалық заттар – альдегидтер, спирттер, глюкоза, құмырсқа және қымыз қышқылдары, электролиз кезіндегі катод, т.б. қолданылады. Техникада және лаб-да жиі қолданылатын аса маңызды Тотықсыздандырғыштар: көміртек (С) пен көміртек (ҚҚ) оксиді (СО). Тотықсыздандырғыштар металлургияда оксидті кендерден металл алуға, кейбір активтігі аз металды ерітінділерінен бөлуге; темір, мырыш, алюминий, қалайы және органик. заттар алуда, нитроқосылыстарды тотықсыздандыруға, фотографияда, мата өнеркәсібінде, т.б. жерлерде қолданылады