Мен елiмiздiң 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттiң қатарына қосылуы. Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл бiздiң Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Қазақстанның жер қойнауы әлі де көп бөлігі игерiлмеген табиғи байлықтарға толы. Кеңес уақытындағы «Қазақстанның жер қойнауынан Менделеев таблицасының барлық элементі табылады» деген сөз тегін айтылмаса керек. Біз жер қойнауында жасырынған осы мол байлықтың жүзден бір бөлігін де игергеніміз жоқ. Қазіргі кезде бiздiң елiмiз табылған мұнай қорының көлемі жөнінен (Каспий шельфіндегі энергия ресурсын есепке алмағанда) дүниежүзiнде 12 орында, газ бен газ конденсаты жөнiнде 15 орында тұр. Қазақстан үлесіне әлемдегі табылған және барланған мұнай қорының (Каспий шельфіндегі энергия ресурсын есепке алмағанда) 3-4%-ы тиеді. Ал Қазақстанның құрлықтағы бөлігіндегі көмiр сутек ресурсы Қазiргi мезгілде 2,8 млрд тонна мұнаймен 1,8 трлн текшеметр газға тең.

(Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабынан)

(«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы, 8 сынып, 2 бөлiм, «Көкжиек-Горизонт>> 2018, 104 бет)

Сұраққа жауап беріңдер

Мәңгілік ел болу ушін не істеу керек?​

equillirum equillirum    2   19.05.2021 16:22    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi