Майдангерлер тез-ақ тіл табысып, ұзақ әңгімелеседі. Атаның айтуынша, алғашында сөзін суыртпақтап бастап, бірте-бірте бөгеті ағытылған судай ақтарылып жан дүниесiнде түйдек түйдек болып түйіліп жатқан сырын да, ащы шынын да жайып салыпты. Рахымжан аға кете салып, ата Кәкімжан Қазыбаевқа телефон соғып: «Тез жеткiн!>> - дейді қатаң түрде. Ағасының бұйрығын екі етпейтін әдетімен ол кісі лезде жетеді.
5
6
4