Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі қыпшақ Ғайыр-хан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғысхан Қайыр-ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды. Тіпті хорезмшах Ғайыр-ханды Моңғолдарға ұстап бергісі келсе де, оның мұны жүзеге асыруы екіталай еді. Ан-Нисавидің айтуынша, «ол оған (Шыңғысханға) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердің көп бөлігі мен жоғары дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Онын кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін солар жасап, оның мемлекетінде толық билік жүргізді». Хорезмшахтың мемлекетінде орта ғасырлардағы Қазақстан далаларынан шыққан қыпшақтар осындай ықпалға ие болған.

Объяснение: