Мәтінмен жұмыс: Қазақта Жетіқарақшыға байланысты екі аңыз бар. Біріншісі: Темірқазыққа Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Тәңірдің ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы – Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады.
Екіншісі: Жетіқарақшы Үркердің (олда жұлдыз) Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғанын қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі жақындағанда таң бозара бастайды.
Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайтын сөйлемдерді табыңыздар
2. Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңыздар
Берілген сөздердің антонимдерін тауып, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
1. алыс-
2. жұмсақ-
3. жаңа -
4. шындық-