Шынайы махаббаты дегенды мен калай тусинемын?

ляляляяяяяя ляляляяяяяя    1   08.09.2019 01:10    0

Ответы
irarenkas irarenkas  06.10.2020 23:55
Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған.  Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім. Шынайы махаббат сайрап жатқан даңғыл жол емес: оның оқпаны мен ой-шұңқыры да жеткілікті, соны түсіне білсең ғана, мен өмір сүрдім, бақыттымын деп ауыз толтырып айтуға қақың бар. Махаббат- адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезім.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi