Мәтінде көтерілген мәселе бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Ұялы телефон – электрлік құрал. Адамның басқа абоненттермен сөйлесуі, қысқа хабарламалар жіберуі немесе жай ғана күту режиміндегі телефонда азды-көпті болсын электрмагниттік толқындардың генерациясы жүріп тұрады. Осы үдірісті тудыратын қабылдаушы антенна болып табылады. Ал телефонды құраушы басқа құралдардың (экран, жиілік генераторы, корпус және т.б.) зияны қызығушылық тудырмайды, себебі өте аз.
Ұялы телефонның бойындағы электромагниттік толқындар электромагниттік сәулелерді шашады. Электрмагниттік сәулелер жоғары жиілікті электрлік және магниттік өріс тарапынан туындайды. Осы сәулелену кез келген органикалық немесе бейорганикалық затқа әсер етеді.
Адамзат көп уақыттан бері электромагниттік толқындарды өз пайдасына асыруда. Оларсыз коммуникация әлемін елестету қиынға соғатыны сөзсіз. Радиостанциялар, телекөрсетілім, байланыс тірегі осы электроманиттік толқындар.Оларды қазіргі таңда медицинада да кеңінен қолдануда. Мысалы ретінде рентген, узиді қарастыруға болады. Олар әкелетін зияннан пайдасы көбірек болады, ал ұялы телефонның жағдайы басқа.
Біз ұялы телефонды құлақ тұсына қойған кезде телефон мен адамның басы арасында электромагниттік орта пайда болады. Оның әсерінен мидың жасушалары біртіндеп қызды. Ол, әрине, адамның жүйкесіне тура әсер етеді. Адамда ең алдымен стресс пайда болады, жүйке жүйесі біртіндеп тозып, протеиндер бөліне бастайды. Протеиндер – адам ағзасында болып жатқан химиялық реакцияларға қатысып, зат алмасу процестерін жылдамдатыды. Осы факторлар әсерінен адамдарда ұмытшақтық, бас ауруы, агрессия пайда болуы мүмкін.