Мәтінді пайдалана отырып 5 сұрақ құрастыр . / Составьте 5 вопросов по содержанию текста / . Арал теңізі — кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең ірі қоймасы болатын . 1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын бұрып жіберді . Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды . Алайда ауыл - шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады , жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті , Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады . Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды , теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті , Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы , қанның аздығы , аллергия және т.б. дерттер кең жайылып , өмірдің орташа ұзақтығы 64 - тен 51 - ге дейін құлдырады . Арал теңізінің тартылуы – ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды . Аралдың суы бұрын - соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып , теңіз “ Солтүстік Арал ” және “ Оңтүстік Арал " болып екіге бөлінді .

corvet42 corvet42    2   09.12.2020 15:03    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi