Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз (Прочитайте текст и выполните задания ниже)
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ, талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.
«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болды.
Астана Опера опера және балет театры әлемінің аса сәулетті театрларының бірі. Ол алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

1-тапсырма. Берілген сөздерден тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) театр, орындайтын, тамаша
Б) Отан, балет, көркемдік
В) опера, театр, ғимарат

2-тапсырма. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.

А) Қазақстанның елордасы туралы айтылған
Б) Елордада орналасқан театрлар туралы
В) Опера және балет театры туралы айтылған

3-тапсырма. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Жапты (антоним)
биік (синоним)

4-тапсырма. Өмірбаян жанрына тән ерекшелікті көрсетіңіз.
А) көркем әдеби стильде жазылады
Б) Адамға мінездеме беріледі
В) хронологиялық тәртіппен жазылады
С) адамның сезімі баяндалады

Дм 20 болов

kreker128 kreker128    2   24.12.2020 10:16    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi