. Мәтінді оқып сұрақтарға жауап беріңіз. Егіннің бастары
Бір а жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.

СҰРАҚТАР:
1.Бір а қайда барды?

2.Бұл қандай кез еді?

3.Жалғыз – ақ бір бидай қайда қарап тұрды?

4.Көпке ол қалай қарайды?

5. Елде кекірейіп, көкке қараған бидай сияқты адамды қандай адам дейді?

6. Мәтіннің идеясы неде?

anya190804 anya190804    1   03.03.2021 06:59    3

Ответы
2345Pomogite2345 2345Pomogite2345  02.04.2021 07:06

1 ) егін еккен жерге барды

2) егін пісіп қалған кез

3) жалғыз бидай көкке қарап тұрды

4)шікірейіп қарайды

5) такаппар оны халақ жаман дейді

6) мәтіннің идеясы бидайлардан сабақ шығару

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi