Мәтінді оқып , мәтін мазмұнына қатысты 3 сұрақ әзірлеңіз / Прочитайте текст , по содержанию текста подготовь 3 вопроса . Отырар – шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған қала . Тарихи жазбалар авторларының айтуынша , ежелден бері Отырардағы кітапхананың даңқы жер жарған екен . Мұнда қой терісімен қапталған қыпшақтар шежіресі , араб дастандары , теріге жазылған кітаптар , балық қабыршақтарымен безендірілген үнді дастандары , мұсылмандар мен христиандардың өсиеттері , көркем және ғылыми кітаптар , өлеңдер жинақтары , саяхатшылардың жазбалары , діни әрі өте көне әдебиеттер әлемнің әр түкпірінен әкелінген деседі . Ғалымдардың айтуынша , кітапхана қорында бабылдықтардың қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап , түркі , парсы , қытай , грек , еуропалық тілдердегі кітаптар болуы әбден мүмкін . Ал ғұндардың өздері өз тілінде жазбалар қалдырып , географиялық карта сызған деседі . Бұл кітапханада ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап , ортағасырлық Еуропа , Араб және Қытайдың көрнекті ғалымдарының шығармаларына дейін жинақталыпты . Ғасырлар бойы кітаптар қоры әлемнің әр түкпірінен мыңдаған әдебиеттермен толықтырылды . ХІІ ғасырдың аяғында Отырар кітапханасы атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең ірі кітапханаға айналды дейді көне шежірешілер . Бұхар тарихшысы Рузбейханның мәлімдеуіне қарағанда , Отырардың қолжазба кітаптары Сығанаққа дейін таратылған . ( 149 сөз )
1.Отырар кітапханасы қай ғасырда белгілі бола бастаған?
2.Қай ғасырдың аяғында Отырар кітапханасы Александрия кітапханасынан кейінгі ірі кітапханаға айналды?
3.Жалпы Отырар кітапханасы жайлы не білесіз?
Объяснение:
Я думаю так