Мәтінді оқып, мәтін бойынша тірек-кесте құрастырыңыздар. Салауатты өмір салтын ұстануға бірден - бір кері әсер ететін факторлар.
Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.
Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар.
Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген.
Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.