Мәтінді оқы . Мәтіннің әр бөлігіне жоспар құр . Сейтен сымда тізіліп отырған қарлығаштарға жақындап келді . Аша Таяғына жұп - жұмыр тас салды . Қарлығаштарға бағыттап тартып жіберді . Бейқам отырған құстар дүр көтерілді . Біреуі Сейтеннің аяғының астына топ ете қалды . Сүйріктей тұмсығынан қызыл қан ағып жатты . Сейтен құсты аяп кетті . Жылап жібере жаздады . Ұстазының құстар туралы айтқан әңгімесін есіне түсірді . Өзінің істеген ісіне қатты өкiндi . Кенет тістенді де , аша таяғын ортасынан қақ бөлді .