Мәтінді оқы. Үлгіге қара. Мәтін мазмұны бойынша диалог құрыңдар. Қазақстанды мекен еткен этнос өкілдерінің арасында достық, жолдастық қарым-қатынасты дамыту — Ассамблеяның негізгі мақсаты. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ халқының кеңпейілдігі мен бауырмалдығы қазақ жерінде бірнеше этнос өкілдерінің өзара жақындықта тату-тәтті өмір сүруіне ұйытқы болып отыр. Қазақстан халықтарының берік достығы, замандастардың бірлігі, ұйымшылдығы — өзге елдерге үлгі. Қазақстанда тұратын ұлттардың өз этноқұрылымдары бар. Орыс, өзбек балалары мектепте ана тілін де білім алады. Орыс, өзбек, кәріс, немістердің ондаған театры мен газет-журналы бар. Әзірбайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жанында бірнеше жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын Қазақстан халықтарының фестивальдарын, тіл фестивальдарын, тіл білу дәрежесін анықтайтын жиырма шақты байқау, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізіп тұрады

ArtyomFoshan ArtyomFoshan    3   19.11.2020 15:35    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi