"Қазақстан - бейбітшілік пен ынтымақтастық жаршысы" эссе ​

NastyaKovalenkoo NastyaKovalenkoo    3   20.04.2021 10:21    9

Ответы
oietillokhabiby oietillokhabiby  20.04.2021 10:30

Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісімде 140 этника мен 40-тан аса конфесиия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көп дінді қоғамнан тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы».

Жалпы бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені тарихтан белгілі. Біздің елімізде 1-наурыз – Алғыс айту күні. Бұл жалпыхалықтық мереке туралы Президент: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi