. Мәтінді мұқият оқып, Нұр-Сұлтан қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз. Мәтіннен неологизм сөздер, термин сөздерді ажыратыңыз. Асқақтай бер, Нұр-Сұлтан!

Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару қаласы Нұр-Сұлтан төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда,Нұр-Сұлтан қаласы қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Нұр-Сұлтан қаласында өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес.
Елеулі оқиғалар Неологизм сөздер Термин сөздер

kornsergo23 kornsergo23    3   10.12.2020 03:13    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi