Ұстаз бен шәкірт – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» немесе «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз – алдында отырған оқушыға «терең білім берсем, «Адам» болатын түзу жолды көрсетсем», - деп ойлайды. Шәкірт «ата-анамның, ұстаздарымның үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры - азамат болсам» деп ойлайды. Мәдениетіміз бен тіліміздің дамуы жолында маңызды орын алатын С.Торайғыров сол замандағы шәкірт ойын аса шеберлікпен жеткізген.
Бұл тақырып бойынша нақты ақпаратты сіз мына тапсырмаларды орындау арқылы аласыз:
Жауап бер
- Өлеңнің тақырыбы мен идеясында не туралы айтылған?
- С.Торайғыров өлеңіндегі негізгі тақырып?
- Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.