Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде
экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы
демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза
ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп,
сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі
жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және
Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып
келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра
алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте
саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге
шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі
әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп
түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне
көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі. 1)Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған? Сөйлемдерді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдеріңізді берілген сөздермен бастаңыз.
2)Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде
экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.
Туризм саласы дамудың ___
3)Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне
мүмкіндігі бар деп есептеледі.
Әлемдік туризм нарығының биігіне
4)Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай
отырғандығын сенімді түрде айтады.
Қазақстанның

5)Мәтіннен алынған пікірге өз тұжырымыңызды білдіріңіз. [3]
Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар...

Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық
ерекшелігіне сай, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолданып,
аргументативті эссе жұмысын орындаңыз.

1. Өз еліңізде саяхаттау мүмкіндігі болса, қай жерге барар едіңіз? Неліктен? 2. «Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – деген екен
Г. Ревзин. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?

CHOCOдракошка CHOCOдракошка    2   18.05.2020 16:25    13

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi