Мәтінді мұқият оқыңыз. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану проблемасы: Суқорлары.
Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар)
басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның
климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық
шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен
маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл
зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды,
суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету
көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан
құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері
табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан,
Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы
емдеу орталықтарына айналған. Жалпы Қазақстан аумағының
климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта
түседі. Себебі қуаң климат жағдайын ауыл шаруашылығын, әсіресе
суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады.
Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы
су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің
трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге
экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің
мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық
өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және
экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалық және
табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен
ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл
осындай проблемалар туындайды. Су қорларын пайдаланудың жыл
сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан
қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар
салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Тапсырма.
1. Мәтін Мал шаруашылығын өркендету үшін жер асты суы қорларын
пайдаланудың үлкен маңызы бар. бойынша «дұрыс, бұрыс» кестесін
толтырыңыз.
2. Елімізде су қорларының мәселесі түбегейлі шешілген.
3. Қазақстанда су қорларына климаттық өзгерістер әсер етпейді.
4. Қазақстан аумағында өзен-көлдердің көптігінен су тапшылығы
шешілген.
5. Өндіріс орындарының ашылуы су қорының азаюына әсер етеді
көмек керек