Написать инфармацию про алтынемен​

kxljgjmv kxljgjmv    2   18.04.2021 16:45    1

Ответы
Александра24х4 Александра24х4  18.05.2021 16:46

    «Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы 1996 жылы 10 сәуірде ұйымдастырылды. Ұлттық саябақтың территориясы 520,2 мың га жерді алып жатыр. Саябақта таулы аймақ, құмды шөлді аймақ, жазық далалы аймақ, қырлы-жоталы аймақ және топырақты далалы аймақ бар. Негізгі бөлігі таулы массивтерден тұрады. Таулы аймақтар теңіз деңгейінен 1200-2500 метр биіктік аралығында орналасқан. Үлкендігі жағынан Қазақстандағы ең үлкен табиғи саябақ. Саябақтың территориясында көптеген туристік мекендер бар. Саябақтың климаты — шұғыл континентальды. 

    «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдіктің түрлері бар. Олардың 21 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген болса, 60 түрі Жоңғар Алатауы мен Іле-Балқаш бассейнінде сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына кіреді.

    Жануарлар әлемі бойынша, саябақтың аумағындағы 56 түрлі жануар Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Соның ішіндегі 25 түрі жәндіктер, 3 түрі балықтар, 2 түрі қосмекенділер, 1 түрі бауырмен жорғалаушылар, 12 түрі құстар, 10 түрі сүтқоректілер.

    Саябақты ұйымдастырудың мақсаты ретінде бірегей табиғат кешенін сақтауды, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды, азайып бара жатқан әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтап қалуды және экологиялық туризмді дамыту саясатын атауға болады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi