Мəтін бойынша сұрақтарға толық жəне қысқа жауап бер Сұрақ: Ат қоюдың өзінен не көрініп тұрады? [1]
Толық жауап:
Қысқа жауап:
2. Сұрақ: Бала бай, дəулетті болсын деген мақсатпен қандай есімдер қойылады? [1]
Толық жауап:
Қысқа жауап:
3. Балаға ат қоюдың себептері неде болып келеді? [1]
Толық жауап:
Қысқа жауап:
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария немесе бала
атасына, əжесі немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың
ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман...
балаларға көз тию... немесе жын-шайтан... сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай,
Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар...байланысты да болып
келеді. Бала бай, дəулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дəулет, Алтынбек, Алтынбай;
күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын
деп Айсұлу, Əсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол
сияқты есімдер... таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық əдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып
келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар
жаңа туған сəби... Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.