Мәтін бойынша оқшау сөйлем құрастырыңдар (қаратпа, қыстырма, одағай).
Бұрынғы кезде наурызкөжеге ауылдағы әр үй бір-бірін кезекпен шақырған. Үлкен адамдар дастарқанға бата берген. Наурызкөжені ішіп болған соң, үлкен ақсақал:
⦁ Ақ мол болсын, дастарқаннан береке кетпесін! – деп тілегін айтқан.
Наурызкөже пісірумен қатар әр қазақтың отбасылық мерекелері бірге тойланған. Өмірге жаңадан сәби келген үйлер әжелерді шақырып, баланы бесікке салған. Өткен наурызда дүниеге келген бүлдіршіндердің тұсаукесер дәстүрін өткізген. «Алғаш рет алысқа жол жүрген балалардың жолы ашық болсын» деп «Тоқымқағар» дәстүрін тойлайды. Сауатын ашып, оқуға барған балалар үшін «Тілашар» тойын жасаған. Міне, балажан, өз ұрпағын ерекше сүйетін, мейірімді халық бар жақсылығын осылайша көппен бірге тойлап, қуанышын бөліскен. Халықтың осындай ғажап дәстүрі әлі де жалғасып келеді.