• Шығармадағы тарихи оқиғаға шолу жасаңдар. Оқиға қазақ тарихындағы қай кезеңді қамтиды? Тарих пәнімен байланыстыра отырып салыстырайық.
• Дастандағы салт-дәстүрлердің бүгінгі күндегі қолданысы қандай? Бүгінгі
жастардың шаңырақ құруына салт-дәстүрлер қалай әсер етеді? Салыстырмалы талдау
жүргізіп, өз бағаларыңды беріңдер.
• Еңлік пен Кебектің іс-әрекетіне берілген сыни пікірлермен танысыңдар. Өздерің
сыни пікір жазыңдар.
• «Еңлік-Кебек» – бақытқа жету үшін күрескен ғашықтардың тағдыры»
тақырыбында ойтолғау жазыңдар.