Ұлы «Жібек Жолы Қытайдың Ши-ар деген жерінен басталыШынжан, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның, Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп ететін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, п, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне әткен. Жібек жолы бастапқыда Қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Өз кезегінде,
онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Бұл ғажайып, таңсық тауарлардын тізімі таусылмайды. Бұлар - мирро мен ладан. жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жнғағы, өміртамыр мен айдаһардың еті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, ан терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақгары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, каршыталар мен сұңқарлар, тотыкүстар мен түйеқұстар алын жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті тағамдар мен қант, жемістер мен көгөністер Жібек жолы арқылы тарады, Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек больш қала берді.
1.1. Мәтінге ат қойыңыз.