Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс-салты, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы – жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Ал ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан.
Киіз үй ең бірінші — көші-қонға қолайлы баспана. Оны тез жығуға, шапшаң тігуге болады. Ал «киіз» үй аталуында да ерекше мән бар. Киіздің ыстық пен суықты өткізбейтін қасиеті — киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Осы арада неге ақ болу керек деп сұрауларың мүмкін. Ақ басқа түске қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып, жылуды аз сіңіреді. Бастарыңа ақ телпек немесе ақ қалпақ кигенде күннің өткірлігі бәсеңдеп қалатынын естеріңе түсірсеңдер болғаны. Сонымен сендер киіз үйдің ең басты екі қасиетін білдіңдер. Қандай баспана болмасын ол күнделікті тіршілікке, тұрмыс қажетіне қолайлы жасалады. Киіз үйдің құрылысы мен оның жасалатын материалы да осы мал шаруашылығымен аиналысатындарға өте тиімді, лайықты.
Объяснение:

© ummet.kz Толығырақ: https://ummet.kz/makalalar/348-dastur-danalygy/4487-kiiz-jdi-syrlary.html
Материал ummet.kz сайтынан алынған. Көшіріп басылған немесе цитата алынған жағдайда гиперсілтеме беру міндетті.
Киіз үй ең бірінші — көші-қонға қолайлы баспана. Оны тез жығуға, шапшаң тігуге болады. Ал «киіз» үй аталуында да ерекше мән бар. Киіздің ыстық пен суықты өткізбейтін қасиеті — киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Осы арада неге ақ болу керек деп сұрауларың мүмкін. Ақ басқа түске қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып, жылуды аз сіңіреді. Бастарыңа ақ телпек немесе ақ қалпақ кигенде күннің өткірлігі бәсеңдеп қалатынын естеріңе түсірсеңдер болғаны. Сонымен сендер киіз үйдің ең басты екі қасиетін білдіңдер. Қандай баспана болмасын ол күнделікті тіршілікке, тұрмыс қажетіне қолайлы жасалады. Киіз үйдің құрылысы мен оның жасалатын материалы да осы мал шаруашылығымен аиналысатындарға өте тиімді, лайықты.
Объяснение:
думаю правильно