Кешегі күн бүгінгі тарих эссе керек​

arioom arioom    1   19.02.2021 15:14    0

Ответы
КристинаКупава КристинаКупава  19.02.2021 15:20

«Кешегі күн, бүгінгі тарих...»

XXI ғасыр таңы атып, тамыры тереңге жайылған бәйтеректің қайта көктер кезіндей бүкіл әлем тереңінен бір тыныс алып ішіндегі құсасты сыртқа шығарып тастағандай тыныштық күйге оранды.

Ал, өткен өмірге зер сала қарасақ, ел басына күн туып, сақ сынып, сүйек сырқырататын тарихтың тулаған тұстары аз емес. Соның ішінде қазақ елінің басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші?! Жазиралы жазығымыз, дархан даламыз қанға бөгіп жер бетін жауыздық пен азғындық атты зұламат күш билеп тұрған кездер де болды емес пе?!

Оның айқын шынайы бейнесін тұғырлы тұлғамыз Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романынан көре аламыз.

Сонау 1916 жылғы қазақ халқының еңсесін көтеріп ел теңдігін, ұлт азаттығын аңсап бас көтерген ерлеріміздің ерлігін, ұлықтарға қарсы күресін, табандылығын талмай шеберлікпен қаһарлы қыстың әйнекке анық салған өрнектеріндей айқын суреттеген «Қилы заман» романы. Қилы заман романын оқи отырып, рухани рух алып осындай бірлікіті, тірлікті елдің перзенті болып туылғаныңа іштей қуанып отырасың.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
rrrl1 rrrl1  19.02.2021 15:20

«Кешегі күн, бүгінгі тарих...»

XXI ғасыр таңы атып, тамыры тереңге жайылған бәйтеректің қайта көктер кезіндей бүкіл әлем тереңінен бір тыныс алып ішіндегі құсасты сыртқа шығарып тастағандай тыныштық күйге оранды.

Ал, өткен өмірге зер сала қарасақ, ел басына күн туып, сақ сынып, сүйек сырқырататын тарихтың тулаған тұстары аз емес. Соның ішінде қазақ елінің басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші?! Жазиралы жазығымыз, дархан даламыз қанға бөгіп жер бетін жауыздық пен азғындық атты зұламат күш билеп тұрған кездер де болды емес пе?!

Оның айқын шынайы бейнесін тұғырлы тұлғамыз Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романынан көре аламыз.

Сонау 1916 жылғы қазақ халқының еңсесін көтеріп ел теңдігін, ұлт азаттығын аңсап бас көтерген ерлеріміздің ерлігін, ұлықтарға қарсы күресін, табандылығын талмай шеберлікпен қаһарлы қыстың әйнекке анық салған өрнектеріндей айқын суреттеген «Қилы заман» романы. Қилы заман романын оқи отырып, рухани рух алып осындай бірлікіті, тірлікті елдің перзенті болып туылғаныңа іштей қуанып отырасың. Жазушы тоғыз жолдың торабында тоғысқан дүбірлі жәрмеңкені көркем шеберлікпен айшықты бейнелейді. Тірлік тынысымен тіршілік қылып жүрген арғын руының елі, патша жарлығының яғни, 19-32 жас аралығындағы ерлерді соғыс соққысынан сақтайтын сарбазы, сақшысы ретінде шақырылуы от-жалынды нажағайдың қарқынды қаһары іспеттес болды. Аш қасқырдай ұлыған ұлықтар улы жебесін халық жүрегіне дәл қадағандай еді. Өйткені қай ел болмасын өзінің боздақтарын қарусыз, қылышсыз жіберіп, лаулап тұрған оттың ортасына өздері салғысы келеді дейсіз? Жоқ олар ақыл тәсілін, амал-айласын ойлап бұл тығырықтан шығар жол әрине бас көтере «бағынбаймыз», «бермейміз» деген сөзді айту еді. Ұзақ, Серікбай, Айтбай, Тұрлықожа, Жәмеңке сияқты ру бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер ел басына күн туып, жау жағадан алғанда жарытып сөз айтатын ақсақалдар еді. Қайнаған судың буындай буырқана көтерілген халықты адуынды да, азулы патша, қарағайдай қаптаған қалың қолымен, тойтарыс беріп отырады. Алайда қазақ рулары шыдамдылық пен төзімділікті ту етіп жадында ұстап «болды», «бітті» деп беріліп бейтарап кетпеді, «қасық қанымыз қалғанша күресіп, адалдық жолында ар тазалығымен көз жұмсақ арманымыз жоқ», - деп байлаулы тоқтамға келді. Бірақ патша әскерлері бір күннің, бір түннің ішінде ауыл елін талқандап, тұтқындап тар түрмеге апарып қамады. Елім деп еміренген ел азаматтарының ішінде қиындықпен, зорлық-зомбылықтан дегбірі қашып демікпей байсалды, сабырлы кейіппен ұлық алдында жауап беріп, бір тоқтамды қостады. Алайда жазықсыз жапа шеккен ел ағаларының, күнәсіз төгілген қаны ашынған халықты отқа май құйғандай одан әрі лаулатып, жалындата түсті. Бірақ патша үкіметінің үстемдігі жеңіп қазақ, қырғыз демей түгелдей тып-типыл етті. Қазақ даласы тағы да қанға бөгіп қаңырап қалды...

Қилы заман романын оқи отырып, сол кездегі болған жайттардың барлығы көз алдыңызға айқын елестейді. Бұл жазушының шеберлігі, өз ғасырының қайталанбас алып алпауыты екенін айқын дәлелдеп тұрғандай. Өзінің әйгілі «Абай жолы» эпопеясымен әлемге танылған тарланымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовті ешқашан жадымыздан шығаруға болмайды. Олай дейтін себебім, Мұхтар Әуезов өзін ғана емес, бүкіл қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-санасын, діні мен ділін, қонақжайлылығы мен дана халық екендігін айдай әлемге танытты.

«Қилы заман» романындағы жағымсыз кейіпкерлер Оспан, Жебірбаев, Ақжелке сияқты арам пиғылды, еліне, халқына жаны ашымаған опасыздардың, жаман қасиетінен жиреніп, игі іс істеп, ізгіліктен жол салған жандардан, жақсылығын үйреніп, ішкі жан дүниемізге мәңгілік сарқылмайтын мөлдір бұлақтың кәусар суындай тазалық, кіршіксіз кірлемес тәрбие аласың.

Бүгін, қандай қилы замандар болса да Тәуелсіздікке қол жетті, бейбіт күннің бал дәмін таттық. Бұл бізге батыр халықтың сыйлаған құнды сыйы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Өткеніңді білмей, болашақты болжау қиын».

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi