Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. /Таба, нан/.Үсті темір, асты темір, Ортасын ал да кемір. / Таба, нан/.Былқ-былқ ,былқ семіз, Қабырғасы жоқ семіз. /Қамыр/.Бар еді бір жұмбағым егін емес, Кісінің егейін десе ебі келмес. Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей, Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес. /Тұз/.Өзі аппақ қардай, Шайға салсаң балдай. /Қант/.Бір қазанның ішінде екі түрлі ас. /Жұмыртқа/.Кішкене ақ шыныда екі түрлі су. /Жұмыртқа/.Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды, Қайнатса оның суы мұз болады. /Жұмыртқа/.Әуеден айнала ұшқан бөдене екен, Бөденені біреу атып жеген екен, Еті арам, сорпасы адал немене екен? /Шай/.Қаршығам өзі қансыз қолда қонар, Қиын жерден қуанып ауыз толар, Мен өзім қаршығамнан дән алыппын, Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар? /Кесе, шай/.Бір жерде бар дейікші сары бұлақ, Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ. Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң, Байлаған екі жақтан тесіп құлақ , Ойнақтар ор текесі ортасында, Денесі басқалардан ұзынырақ. /Қымыз, саба, піспек/.Сылдыр сұйық, анады, Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? /Сүт/.Жалғанда бір құдық бар суы тәтті, Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты. /Емшек сүті , бес саусақ/.Қырымда бір құдық бар суы батпан, Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. Сіресіп ба уырдай боп қатқан мұздың, Бетіне бетегесі шығып жатқан. /Айран/.Әрі сусын, әрі дәрі , Емге ішеді жас пен кәрі. Малдың сүті ,елдің құты, Деп бағалар жұрттың бәрі . /Қымыз/.Шиге жайып кептірген, Өзі қышқыл, түсі ақ , Сорсаң дәмді, түсі ақ , Жаңғақтай-ақ домалақ. /Құрт/.Мың қойым суға жүзеді, Қойшысы бірге жүзеді. /Көже мен шөміш/.Кішкентай құдығымның суы тәтті. /Жіліктің майы/.Асты тақтай, үсті тақтай, Арасында асыл мақтай. /Жіліктің майы/.Дастарханға түспейді, Қазанда піспейді , Дәмі аузынан кетпейді . /Ана сүті/.Ашылмайды қабағы, Әркімнің де тамағы. Ашуланса болады, Ұлпадай жұмсақ жабағы. /Тоң май/.Алтын алдым жапырақ , Жатқан жері топырақ, Алтынменен аптаған, Күміспенен қаптаған. /Өсімдік майы/.Аппақ қардай, Дәмі балдай . /Балмұздақ/.
Қол ауызға берді , Ауыз жауызға берді , Жауыз ирек жол арқылы Барлығын қазынаға берді. /Ішкен тамақ/.
Дегенде емен екен, емен екен, Мен көрсем емен жолы төмен екен. Білімді ақын болсаң мен айтайын, "Құраннан” бір жас үлкен немене екен? /Нан/. Напишите лучше загадки!
Ортасында піскен ас.
/Таба, нан/.Үсті темір, асты темір,
Ортасын ал да кемір.
/ Таба, нан/.Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.
/Қамыр/.Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
/Тұз/.Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
/Қант/.Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
/Жұмыртқа/.Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
/Жұмыртқа/.Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
/Жұмыртқа/.Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
/Шай/.Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
/Кесе, шай/.Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
/Қымыз, саба, піспек/.Сылдыр сұйық, анады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
/Сүт/.Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
/Емшек сүті , бес саусақ/.Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба
уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
/Айран/.Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі .
/Қымыз/.Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
/Құрт/.Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
/Көже мен шөміш/.Кішкентай құдығымның суы тәтті.
/Жіліктің майы/.Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.
/Жіліктің майы/.Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді ,
Дәмі аузынан кетпейді .
/Ана сүті/.Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса болады,
Ұлпадай жұмсақ жабағы.
/Тоң май/.Алтын алдым жапырақ ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған.
/Өсімдік майы/.Аппақ қардай,
Дәмі балдай .
/Балмұздақ/.
Қол ауызға берді ,
Ауыз жауызға берді ,
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.
/Ішкен тамақ/.
Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
"Құраннан” бір жас үлкен немене екен?
/Нан/.
Напишите лучше загадки!