казак тили 6 класс

Су - тіршілік көзі
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тəуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мəлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет əдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дəл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дəлелдеген.
Дəрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым əдіс-тəсілі көп. Мəселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға əсер етеді жəне тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға əбден болады.
Есімдіктер:
2 – тапсырма. Мəтін мазмұнын түсіне отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды табыңыз.
1. Судың қасиетін зерттеген ғалым кім?
2. Ол зерттеу барысында нені байқады?
3. Сумен емделудің қандай түрі бар?
4. Адам денесінің қанша пайызы судан тұрады?
3-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі есімдіктің қызметін түсініп, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып кестені толтырыңыз.
Ол оқып жүр. Марат қызық кітапты оқыды. Марат сол кітапты оқыды. Қорадағы малды санап шықтым. Ұйықтап жатқан жүректі əн оятар. Оның тəтті мəні оятар. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бірде шал сол ұлдарын жинапты. Кімді айтса, сол келер. Саулығы – 500, қозылары – 1000 екен. Атам шамамен сол болуы керек деді. Сара сабақтан қалды. Ол не себепті қалған? Ол қыз қызыл көйлек киген.
Есімдіктің қызметі
Зат есім
Сын есім

ivankornev00 ivankornev00    3   08.02.2022 17:25    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi