Оқылым 1. Мәтінді оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз. (Прочитайте текст. Выполните задания)

...Біз 2070 жылға тап болдық. Бізге бірнеше оқушы жақындап келеді. Бізбен танысты. Олар бізді өз мектептеріне алып барды. Олардың мектептері біздің мектептерден өзгеше. Әр оқушы мектепте кем дегенде 7 елдің тілін меңгереді екен. Мектептері озық техникамен жабдықталған. Оқушылар сабақты тек электронды және кәдімгі біздікіндей оқулықтармен оқиды екен. Оқушы қалаған пәнді ғана оқи алады. Мектеп формалары да басқа. Ұлттық үлгіде тігілген. Ең жақсы жаңалық – қазақ тілі халықаралық тіл дәрежесін алыпты.
Біз өзімізге жаңа дос таптық. Оның есімі – Сұңғат. Ол ертең бізбен бірге қаланы аралайды.

•Мәтінге қай атау сәйкес келеді? (Какая тема соответствует тексту)
А) Ақылды мектеп
В) Болашақтың мектебі
С) Менің мектебім
D)Досымның мектебі

Мәтінге сай келмейтін сөйлемді тап (найди предложение, которое не соответствует тексту).
А) Бізге бірнеше оқушы жақындап келеді.
В) Мектеп формалары да басқа.
С) Біз өзімізге жаңа дос таптық.
D) Мектептері ескі техникамен жабдықталған.

«Дос» сөзінің синонимін және антонимін тап
А) қас, жау
В) жолдас, жау
С) жолдас, құрдас
D) құрдас, серіктес

•Олардың мектептері біздің мектептен несімен ерекшеленеді? Жазыңыз (Чем их школы отличаются от наших? Напишите)

Мектеп формалары қандай үлгіде тігілген? (по какому образцу сшиты школьные формы?)


•Сұрақтарға сәйкес ақпараттарды анықтаңыз. (Определите

информацию, которая соответствует вопросам.).

1. Болашақтың мектебінде оқушылар
қанша тілді меңгереді екен?

Озық техникамен

2. Болашақта мектептер қалай
жабдықталады?

Халықаралық

3. Қазақ тілі қандай дәреже алған?

Кем дегенде жеті елдің тілін меңгереді екен.

Жазылым
2. «Болашақтың мектебі» тақырыбына берілген тірек сөздерді пайдаланып, 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін құра (Составьте текст из 5-6 предложений, используя ключевые слова на тему «Школа будущего»)

Тірек сөздер: болашақтың мектебі, заманға сай, жаңа құралдармен, электронды оқулықтар.

kornsergo23 kornsergo23    3   19.05.2021 10:21    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi