Казахский язык: үйірлі мүшелерге бір-бір мысалдан келтіру керек даю.

emuratov606Erali emuratov606Erali    1   19.03.2021 09:52    2

Ответы
rafael2008 rafael2008  18.04.2021 09:57

Мысалы: Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай адам? – үйірлі анықтауыш.

Мақсат кеңседе бітіре алмаған жұмысын үйге әкеліп орындайтын. Кеңседе бітіре алмаған - қандай жұмысын? - үйірлі анықтауыш.

Қозылары жамырап, құлындары кісінеп, иттері шулап жатқан ауыл тіршілігі қандай десеңші! Қозылары жамырап, құлындары кісінеп, иттері шулап жатқан - қандай ауыл? - үйірлі анықтауыш.

Ыстық шаңға құмыққан Алмас машинаның терезесін ашып жіберді. Ыстық шаңға құмыққан - қандай? - үйірлі анықтауыш.

Талабы көп жігіт болашақта үлкен жетістікке жетеді. Талабы көп - қандай жігіт? - үйірлі анықтауыш.

Көкірегі ашық, білімі тереңге өмірде қиындық кездеспейді. Көкірегі ашық, білім тереңге - кімге? - үйірлі толықтауыш.

Қайсардың үйі аң терісі дегенге толып тұр. - Аң терісі дегенге - неге? - үйірлі толықтауыш.

Анау есігі төмен үй - біздің көршіміз Аман атанікі. Есігі төмен - қандай үй? - үйірлі анықтауыш.

Талабы таудай бала болашақта үлкен жетістіктерге жететіні сөзсіз. - Талабы таудай - қандай бала? - үйірлі анықтауыш.

Көлігі барлар осы іс-шараға белсенді қатыссын. Көлігі барлар - кімдер? - үйірлі бастауыш.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi