Кіріспеден кейінгі абзацты белгіле. Күн шайдай ашық. Айнала жап-жасыл. Жұпар ауа кеудеңді кеңітіп, тынысыңды аша түскендей. Көк майсаның бетіндегі жаңбыр тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт-жылт етеді. Қалыбай ақсақал немересімен бірге күндегі әдетінше көл жағасындағы ескі қайыққа келіп жайғасты.

1Қалыбай ақсақал – орта бойлы, бидай өңді, маңдайы ашық, алды кең, жүзі шуақты жан. Ауыл-аймаққа сыйлы, ақылшы азамат. Кезінде балық аулап, бір отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылды асыраған еңбекқорлығын ауылдың шикі өкпелеріне дейін біледі. Мынау өзі үстінде отырған қайығы ескі досындай көл жағасында бұны күтеді де жатады. Жалғыз келсе, қуанышын да, қайғысын да осы қайың қайыққа кеп, қақшып кететін.

2Қазақ халқы ауа райын ерте кезден үздіксіз бақылап отырған, себебі олардың көшпелі өмірі ауа райымен тығыз байланысты болды. Халық тәжірибесінде жан-жануарлардың қылықтарын, ай мен күн, жұлдыздар сипатын назардан тыс қалдырмай, ескеріп отыру ертеден қалыптасқан.

3Мысалы: қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, күн ашық, төмендеп ұшса, жаңбыр жауып, жел болады. Қарға топтасып қарқылдаса, ауа райы бұзылады. Жаз құйынды болса, қыс қатал болады. Жаз найзағайлы болса, қыста малға жайлы болады.

4– Ата, - деді Айбын, – шағала қандай құс? Олар неге суға үйір?
– Айбынжан, шағала қорегін судан табады, сол себепті су маңында жүреді. Балықтармен, ірі жәндіктермен қоректенеді. Олар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Шағалалар өзен, теңіз бетінде ұшып жүрсе, күн ашық болады, егер жиекте жүрсе, күннің бұзылатындығының белгісі деп халық болжам жасаған.

efremchina99 efremchina99    3   17.09.2020 05:48    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi