I. ОҚЫЛЫМ. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге тақырып қой. Су – қалыпты жағдайларда сутегі мен оттегінің тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын бірден – бір минерал. Су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Су – қабаты 5 метрден асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.
Жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорына мұхит, теңіз, көл, жерасты сулары жатады. Су атмосферада бұлт, тұман, бу, жаңбыр, тұрінде болады. Су буға айналады. Будан бұлт пайда болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге жауады.
Мұздақтар мен айсбергтер су болып есептеледі. Адам, өсімдік пен жануарлар денесінің бір бөлігі судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, оттегінің 50% - ын мұхит пен теңіздер береді.
Жер бетінде ішетін су аз. Ол күн сайын азайып барады. Сондықтан суға қамқорлықпен қарау керек. Ол біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады.


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.
1. Су қорына нелер жатады?

2. Жер бетінің неше пайызын су алып жатыр?

kristoyozhik kristoyozhik    2   21.12.2020 07:16    4

Ответы
surikat235 surikat235  20.01.2021 07:17

Мәтіннің тақырыбы-су тіршілік көзі.

1.Су қорына мұхит.Теңіз.Көл.Жер астысулар жатады.

2.Жер бетінің 77,5 пайызын су алып жатыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi