1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер: 1) Сырдария қандай өзен және қайда құяды?
2) Неміс ақыны Генрих Гейне қандай өзен туралы жазған?
3) Ол өзен қандай және қайда құяды?
4) Орыс ақыны А.С.Пушкин қандай өзен туралы жазған?
5) Ол өзен қандай және қайда құяды?
6) Украин ақыны Тарас Шевченко қандай өзен туралы жазған?
7) Әбділда Тәжібаев кім сияқты болғысы келеді?
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңдар.
Қарт Днепр - ... достың
Көремісің ... .
Электрлі мың моторлы,
Асқан ... қайратын.
Сен де маған, ... ана,
Днепрдей ... бер!
Қол жетпеген ... жұлдызын
Құшағыма ... бер.
... кезде де, жаным ана,
Өзіңменен ... болам,
Сырда туған ... ...
Жаңа ... мен болам.
Керекті сөздер: айбатын, көк, ескі, туған, жарық, жаным, алып, сырдың ұлы, тең, сол, Гейне.
3-тапсырма. Берілген сөздердің антонимін жазыңдар.
Қарт - ...
Сұлу - ...
Ақылды - ...
Ақ - ...
Ескі - ...
Ірі - ...
Дос - ...
Жасарды - ...
4-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін жазыңдар.
Сұлу - ...
Қадірлі - ...
Жаман - ...
Қайрат - ...