Ханға келе жатып, Жаман: - Адамның жаманын таптыңыздар, бірақ шеп пен құстың жаманын таба алмадыңыздар. Шөптің жаманы –
қарақоға, құстың жаманы сауысқан, - дейді. Уәзірлер себебін сұраса:
- Ҳан алдында айтамын, - деп жаман айтпады. Уәзірлер келген соң, хан:
- Адамдарың жарайды, бірақ, - дейді хан, - құс пен шөптің жаманын таба алмадыңдар. Құстың жаманы –
қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел, - деп, хан уәзірлерге ашулана бастайды. Сонда уәзірлер:
- Тақсыр, біз, шеңгел мен қырғауылды алдык, бірақ мына жаман адам: «Шептің жаманы – қарақоға, құстың
сауысқан», - деді. Хан таңғалып:
аманы —
- Е, ол оны қайдан біледі? Алып келіңдер! - деп, бұйырады. Хан Жаманға қарап:
Сен шептің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін қайдан білдің? - дейді.
Тақсыр хан! Өмірім құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді отқа жақсам, жылу беретін. Сол уақытта «Киім
жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады», - дел, ойладым. Енді қарақоғaны отқа жақсам,
жанбайды, малға салсам, желінбейді. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, - дейді Жаман.
Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? - дейді хан.
- Қырғауыл адамға пайдалы құс. Қырғауылдың айыбы - әдемі емес. Сауысқан бірлігі жоқ, адамға пайдасы
жок. Сондықтан құс жаманы - сауысқан.
- Енді езіңнің мамандығыңды қайдан білдің? - дейді хан.
- Уа, таксыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылардың әйелі, баласы, келіні бар. Мен әлі күнге дейін
біреудің құлшылығындамын. Енді мен жаман болмай, жақсымын ба? - деп, Жаман ханға қарайды.