Х а) Т.Әубәкіровтың өмірбаянынан үзінді оқы.
Тоқтар Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстан Республикасының халық Қаһарманы.
1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарышта ол Арал теңізі аймағы бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесін, оның
зиянды әсерлерін зерттеді.
Сондай- ақ ғарышта жүріп ыстыққа да, суыққа да төзімді болатын картоп тұқымдарын будандастырып,
айрықша дәмді картоп түрлерін алып келді,
Ол Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын
жетілдіруге, әскерипатриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға да белсене араласты.
b) Т. Әубәкіров еліміздің дамуына қандай үлес қосты? Мәтінде берілген ақпаратқа сүйеніп жаз.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1]
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
«Халық қаһарманы»атағы
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
«Отан» ордені (1995)
Кеңес Одағының:
«Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)
«Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры) атағы (1988),
«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)
«Ленин» ордені (1988),
«Заслуженный Летчик-испытатель КСРО» (КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990)
«Летчик-космонавт КСРО» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991)
«Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені (1991)
Австрия Республикасының:
«Алтын Крест» ордені 1988)
«Алтын Крест» ордені (1993)