Әңгіменің фабуласы: асыл туған ер - Махамбетті өз туысы
сатқындықпен өлтіреді.
Әңгіменің қысқаша желісі: Махамбеттің Исатайдан айырылға-
нына – сегіз жыл үш ай. Махамбеттің елден аулақ, Қараойда
жалғыз отырғанына да – үш ай. Екі көзі ауылдан келетін жолда.
Осыдан біраз бұрын туысы — Ықылас сенімді кісілерді ертіп келетінін айтып кеткен. Махамбет оған не сенерін, не сенбесін білмей қатты алаңдаулы. Баймағамбет сұлтанның жансыздарын Ықылас бастап ақынның жалғыз үйіне алып келеді. Ақынды жабылып, ұрып өлтіреді.
Махамбеттің өлеңі өсиетті, өмірі тағылымды. Ол дұшпанға бас имей кетті...
Махамбеттің үй іші шулап қалды.
Махамбет тілге келмей кетті. Бірақ талайға дейін жүрегі дүрсілдеп,
миы шыңылдап, бүкіл өмірі көз алдынан өтіп жатты. Ақырғы сөзі «Әуес» болса, ақырғы ойы «Қайран халқым!» деген екі сөзге сыйды. Жан тәсілім қыларда қанталаған қой көзін кең ашты. Жарық дүниемен қоштасып,
Қараоймен арыздасты. Ұзақ жолдың түйіні қысқа екенін бірінші рет
біліп бара жатты...
Жаңаберген би байлаулы аттарына келе жатты. Түсі өрт сөн- діргендей. Тісі опырылып қалған Ықылас:
- Жақа, боталы түйені сіз жетектеңіз! – деп еді, ашулы би:
- Бүлінгеннен бүлдіргі алма! Менің ісім бітті, - деді.
Ықылас Махамбеттің атын мінгенде би тағы ашу шақырды:
- Е, немене, қолыңдағы бастың құны аз ба?! Жетiмектеріне қалдыр!
- Сұлтанның әмірі осылай, биеке!
Жаңаберген би жым болды. Махамбеттің жүйрік аты қарабеттің
астында кетіп барады.
7-тапсырма. Мәтіннің стилін анықта. Кестені толтыр. Сөзіңді дәлелде.
Снизу слова на которые нужно дать ответ с текста.Текст в самом начале.
1. мақсаты, қолданылатын орны, сипаты, тілдік құралдары.