Әңгіме туралы сыни хабарламаларды оқып,нені хабарлап тұрғанын анықтаңыздар.
1-мәтін
Шығарма Ораштың кӛзімен, қимас сезімімен, ӛкінішімен берілген Тортай тағдыры жайлы. Екі
баланың әңгімесінен олардың зеректігін, сезімталдығын, ақылдылығын кӛрмеу мүмкін емес.
Үміт арту, мақсат қою, армандай білу осы балалардың әңгімесінен анық кӛрінеді. Бір-бірінің
қамын ойлап, бір-бірін толықтырып отыратынын оқыған кезде, шын жанашырлықтың не
екенін түсінуге болады.
Ал Ораштың Тортайға қатты жаны ашыған сәті мынау еді. «Күз жақындап, фермадағы барлық
бала жайлаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тортай
ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Ӛзіммен бірге ала кететін шаманың
жоқтығына жыным келді». Ең зерек досының ауылда қалып, оқуға бармай қалғанына жаны
ашып, қолдың қысқалығына налуда... «Кетерімде ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып
айтты: «Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақбоз атқа cен мінерсің». Осы сәттен бірбіріне деген қимастық сезім, әрі досқа артылған үлкен үмітті кӛруге болады. Арманындағы
ақбоз атын ӛзі мінбесе де, досына қиған Тортайдың ақжүректілігін байқайсыз.
Ә мәтіні
«Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіне негіз болған ауылдың күйбең тіршілігі әңгіме басында
азды-кӛпті айтылып кетеді. Шілде айындағы саф ауа, керемет табиғат кӛрінісі мен күндізтүні тыным таппайтын ауыл ӛмірі әдемі суреттелген. Бұл – автордың шеберлігі. Қазақ
ауылының қайнап жатқан тіршілігі, ара-арасында шырқалған ән, маздап жанған ошақ,
жиналмайтын алтыбақан – тірлік пен думанның астасқан ортасы. Моңғолияның бер
жағындағы Салықсалғанның иығында орналасқан ауыл. Осы ауылда Тортай мен Ораштың
балалық шағы ӛтті.
«Біздің ауыл Салықсалғанның иығында орналасқан...» Осылай басталатын әңгіме сӛзімізге
дәлел. Әңгіме басын оқып отырып, жаздың жайма-шуақ күніндегі ауылдың табиғаты кӛз
алдыңызға бейнелене кетеді. Суға бай, құнарлы жерде мал да қоңды болатыны белгілі. Бұл
ауыл мал ӛсіріп, ӛнімін алып отыр. «Ымырт үйіріле алтыбақан құрған азаматтардың
маңайында арпалысып, тиіп-қашып, ұлардай шулап ойнап жүргеніміз...» Ауыл қауырт
шаруасымен арпалысып жатса да, алтабақандары бір жиналмайды екен. Ара-арасында
кӛңілдерін кӛтеріп, сауық құрады. Ойын балалары да осы кезді пайдаланып, ауылды шулатып
жібереді екен. Ал күз жақындағанда, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға
аттанады. Бұл кезде ауыл тынышталып қалатыны сӛзсіз. «Былтыр жазда демалыс алып,
ауылға тағы бардым. Әкемнің тӛрт бӛлмелі, бау-бақшалы үйінде еркін сайрандап, тойып жеп,
тасыраңдап жүрмін» деген автор сӛзінен ауылдың мал ӛсіруден басқа, бау-бақшамен,
егістікпен де айналысатынын кӛруге болады. Міне, «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіне негіз
болған ауыл тіршілігі осылай ӛтіп жатады. Қарапайым қазақ ауылының тіршілігі.

БЖБ

CoRoLi07 CoRoLi07    2   04.03.2021 08:36    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi