Гүлжан сиырын сауып, табынға қосты. Ошаққа тезек қалап жүрген Қаншайым қарияны көрiп, қасына келдi. — Есенсiз бе, әжей?
— Шүкiршiлiк, қарағым. Өз үй-iшiң аман ба? Нұрбек баламның денсаулығы жақсы ма? Бара алмай ұятты болып жүрмiн, шырағым! Күйбең тiрлiкпен күннiң қалай атып, қалай батқанын бiлмей қаласың. Бiр жағынан немеремiз ауырып, берекемiздi қашырып жіберді. Түнi бойы жағы сембей шырылдап жылай бередi.
— Күнi құрғыр да бұзылып тұр ғой. Салқын тиiп қалған болар,- дедi Гүлжан қарияның сөзiн қостаған болып.
— Жоға, құдай! Ол ауырғалы қаш-а-ан... Бөбешiгi екiге айырылып, танауының тесiгi таңдайынан шығып, жарымжан болып туды ғой, байғұс бала. Аузымен ғана дем алады. Кейде ауа жетпей қала ма, әйтеуiр, бiреу буындырып жатқандай тыпырлап, қызара iсiнiп кетедi,- дедi қарт ана жанарына iркiлген жасты жаулығының ұшымен сүртiп.- Адам бола ма, болмай ма, бiлмеймiн!
— Осының бәрi ай сайын жер-дүниенi сiлткiнтiп жатқан жарылыстардың әсерi ғой.
— Иә, жарқыным... Мәдидiң қызы биыл жетiге шықты дегенге кiм иланады. Әлi тұсауын кеспеген сәби секiлдi, былқ- сылқ етiп жүре алмайды. Атом емес, ақырзаман болды ғой бiзге
Жоспар жазыныз
Напишите план◇