Еуропаны неге жыл сайын су басты

136есеп23бет 136есеп23бет    3   09.09.2020 22:58    15

Ответы
lizayka2001 lizayka2001  09.09.2020 23:01

Ауа райының күрт жылынуы мен қардың еруінен Еуропаны су басу қаупі пайда болды. Германиядағы жағдай тіптен қиындап барады. Күн жылына бастағаннан бері өзендердегі су одан сайын артып келеді, деп хабарлады Утро.ру агенттігі. Табиғат апаты болып жатқан аумақта, яғни Кобленц және Трир қалаларының ортасында орналасқан Мозель өзенінің бойында 30-ға жуық елді мекен бар. Су тасқыны екі адамның өмірін қиса, үш адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Су тасқынынан Чехияның да бірқатар аудандары зардап шегуде. Эльба өзені арнасынан асып, соның салдарынан өзеннің оң жақ жағалауынан өтетін автомагистральды су басты. Чехияның батысы мен орталығындағы су қоймаларында да жағдай нашарлап, су деңгейі артып кеткен, болжам бойынша, мұндай жағдай қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/europany-su-basty_a2338867

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi